Қазақстан Республикасы Президентінің сұхбатын талқылау жалғасуда. Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің пікірінше, сұхбатта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты бағыттар айқындалған. Онда бизнесті қолдау, салық саясатын жетілдіру және тариф мәселелеріне ерекше назар аударылған.