Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтардағы сұхбатында газет-журналдардың қоғамдағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, дәстүрлі баспасөз терең ой қалыптастырып, сапалы талдау арқылы оқырманның дүниетанымын кеңейтеді. Ал әлеуметтік желілер ақпаратты жедел таратқанымен, мазмұнның үстірт болуына әкелуі мүмкін.