Қарағандыда бірыңғай қалалық коммуналдық диспетчерлік орталық құру ұсынылды.Бірінші кезеңде коммуналдық қызметтерді тұтынуды оңтайландыру және қызмет көрсету жүзеге асырылады. Бұл – су, көшелерді жарықтандыру, жылумен қамтамасыз ету салаларына қатысты. Осы және өзге де цифрлық шешімдерді Премьер-Министрдің орынбасары —Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев аймаққа жұмыс сапары барысында талқылады.