Қазіргі заманғы көшбасшы – тек басқарушы емес, ол стратегиялық ойлай алатын, жаңашыл әрі цифрлық дәуірдің тілін меңгерген тұлға. Қарағанды облысының білім басқармасы осындай білікті мамандарды даярлау үшін арнайы бағдарламаны іске қосты. Жоба өңірлік кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған.