Кадет сыныбы жайлы айтылса, көпшіліктің ойына бірден әскери форма мен қатаң тәртіп келеді. Алайда Қарағанды облысындағы Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде білім мен тәрбие тек бұл ұғыммен шектелмейді. Мұнда оқушылар шығармашылық қабілетін шыңдап, өнер мен қолөнер арқылы өз болмысын ашады.