Қарағанды облысында сүтті мал шаруашылығы саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Осакаров ауданында құны 30 миллиард теңгеден асатын заманауи тауарлы-сүт фермасы салынуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты.