Қала тұрғындары алдағы мерекелерге қамданып, демалысын жоспарлап жатқан сәтте, жедел жәрдем қызметі үшін қарбалас күндер басталады. Мерекеде дәрігерлер мен фельдшерлер тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді. Шақыртулар саны артқан кезеңде ақ халатты жандар әр минуттың қадірін біледі. Түсірілім тобы Қарағанды қаласындағы №5 жедел жәрдем қосалқы станциясына барып, адам өмірін арашалауға асыққан бригадалардың бір ауысымын бақылап қайтты.