Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр Азия чемпиондарымен, халықаралық жарыстардың жүлдегерлерімен және қала жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Жиында жас спортшыларды қолдау жарыстарға дайындық үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.