Қарағандылықтар жаңа жылды жарқыраған жарық шамдарымен әдемі безендірілген шаһарда қарсы алуға қызу дайындалып жатқаны жасырын емес. Алайда мерекені төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмыста қарсы алады.Мейрам қарсаңында олардың қызметі күшейтілген режимге көшті. Кезекші бөлімдер тәулік бойы жұмыс істейді. Өрт немесе тәртіпті бұзу туралы келіп түскен күллі қоңырау шұғыл тіркеледі.Қырандай қырағы мамандардың міндеті — мерекені қауіпсіз өткеру болып табылады.