Мейірбике және фельдшерді үйге шақыруға арналған MEDIXGO қызметі өз жұмысын бастады. Қарағандылықтар әзірлеген жоба үй жағдайында медициналық қызмет көрсететін білікті маманға жедел жүгінуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сервис Астана қаласында жұмыс істеуде. Ал жақын арада Қарағанды тұрғындары үшін де қолжетімді болады.