Пришахтинск шағын ауданындағы жеке секторда орналасқан Широкая көшесінде ондаған жылдан бері жол мен жарық жоқ. Жаңбырлы күндері батпақ пен шұңқыр, ал жазда шаң-тозаң тұрғындардың күнделікті мәселесіне айналған. Бірнеше жыл бұрын жеке сектордың бір бөлігі жөндеуден өткенмен, қалғаны ұмыт қалған. Амалы таусылған халық енді депутаттар мен қоғам белсенділерінен көмек сұрауға мәжбүр.