Қазақстан Президенті жаңа Салық кодексіне және салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Құжат салық жүйесін түбегейлі жеңілдетуге, есептілікті қысқартуға, алымдарды оңтайландыруға және бизнесті қолдауға бағытталған. Жаңашылдықтар қатарында — қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесі, медицина мен баспа саласына, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған салықтық жеңілдіктер бар.