Қарағандыдағы жеке клиникада шулы оқиға болды. Ер адам қабылдау бөлімінің есігін бұзып кіріп, медбикені жұрттың көзінше аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Қазір бұл іс бойынша полицейлер тергеу амалдарын жүргізуде.