Қарағанды облысында Шұбартөбек және Торағалық туристік кенттерінде магистральдық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жобаны іске асыруға биыл республикалық бюджеттен 700 миллион теңге бөлінді. Жақында жергілікті тұрғындар да, Балқаш көлінде демалушылар да сумен жабдықтауға тұрақты қол жеткізе алады. Сондай-ақ, құбырлардың тозу дәрежесі 95% - дан асатын Балқаш қаласының өзінде желілерді жаңғырту жүргізілуде.