Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде тұратын Нұридин Мырсыздықов қазақтың ұлттық аспабы домбыра жасаудың қыр-сырын меңгерген таңдаулы шеберлердің бірі. Ол бұл өнерге бала күнінен қызығып, өзі жасап үйренген. Бүгінде бұл ісі отбасылық кәсіпке айналды. Жұбайы екеуі шағын шеберхана ашып алған.