Қарағандылық арнайы әлеуметтік қызмет алушы жастар ерік-жігердің кез келген кедергіден мықты екенін дәлелдеді. Олар Польшада өткен SENI CUP 2025 шағын футбол бойынша халықаралық турнирінде Қазақстан атынан өнер көрсетіп, Еуропаның 30 үздік командасының ішінен ТОП-5-ке енді. Толығырақ келесі материалда.