25-қазан Республика күніне орай мысты шаһардағы теңбіл допшыларға тосын тарту жасалды.Балқаш қаласындағы «Металлург» стадионында жаңартылған футбол алаңы қолданысқа берілді.Енді ашық аспан астындағы айрықша алаңда 900-ге тарта жеткіншек асыр салып ала допты тебетін болады. Балқаштықтардың қуанышына біздің түсіру тобымыз да ортақтасып қайтты.