Белгісіз жастар тобы Шахтинск тұрғындары мен «Qarmet» кәсіпорнының қызметкерлерін бопсалаған көрінеді. Банда құрамында аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да бар. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыскерлерді ұстады. Бұған дейін ауыр қылмыстарға, сондай-ақ Qarmet объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға қатысы бар басқа қылмыстық топтардың қатысушылары Теміртау, Саран және Абайда ұсталған болатын.