Теміртау қаласының студенттері өсімдік сығындыларынан биологиялық белсенді қоспалар, косметика, сабын және тіпті кәмпиттер жасайды. Олар мұны Қарағанды индустриалық университетінің Химиялық технология және экология кафедрасы жанындағы зертхананың арқасында дамытуда.