Қазір қоғам белсенділерінің рөлі жыл санап артып келеді. "Қазақстанның Азаматтық альянсы" республикалық бірлестігінің қолдауымен Қарағанды облысына еліміздің басқа өңірлерінен қоғамдық кеңестердің мүшелері келді. Олар қарағандылық белсенділермен бірлесіп облыстың денсаулық сақтау объектілеріне мониторинг жүргізді.