"Саран" шахтасында кен құлаған кезде кенші жарақат алды. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шахта қызметкері жұмыс кезінде басынан жарақат алған. Жазатайым оқиға туралы ақпарат Департаментке уақтылы келіп түсті. Шахтаның медицина қызметкері Жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетіп, кейін Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жіберген.