Қарағандыдағы №2 Оқушылар сарайында биыл 11 жаңа үйірме ашылды. Балалар үшін Smart Start жобасы іске қосылды. Ол тарих, математика, география, қазақ тілі және химия пәндері бойынша емтихандарға, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындыққа бағытталған. Ал шығармашыл жандарға IT-music үйірмесі бар. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары үшін "Шамшырақ" ерте әлеуметтендіру клубы жұмыс істейді.