Қарағандылық жүргізушілерді жолдың жайы сарсаңға салуда.Кейбір учаскелердің ұзақ уақыт бойы жабылғаны жасырын емес. Темір тұлпар тізгіншілдері діттеген жеріне дер кезінде жету үшін басқа жолдармен жүріп әбігерге түсуде.Салдарынан көшелерде қарбалас уақыт мұғдарында кептеліс туындайды.