Қарағанды облысындағы жолдардың тазалығын қамтамасыз етпеген 83 жауапты тұлға жазаға тартылып, 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде 4 әкім бар. Осындай мәлімдеме жасаған облыстық полиция департаменті басшылығы жолдарға рейд жүргізді. Тексерістің барысымен аймақтағы тілшіміз де танысып қайтты.