Шара барысында дәстүрлі ислам дінінің құндылығы жайлы айтты. Бұдан бөлек болашақ тілшілермен пікірталас өткізіп, сұрақтарына жауап берді.
«Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сәйкес, әлемде жастарға тән 3 проблема бар. Біріншіден жат ағымдарға бет бұрушылық. Екіншіден жұмыссыздық, үшіншісі кәсіби мамандық таңдау мәселесі. Соның арасында ең маңыздысы діни сенімділік»,- дейді журналист Қанат Әуесбай. Блогердің айтуынша дін туралы мектеп қабырғасымен шектеліп қана қоймай, жоғары оқу орындарында да түсіндірмелі жұмыстар жүргізіп отыру қажет. Яғни, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу секілді түйіткілді мәселелерді көп қозғау қажет. Себебі, отбасында бала бұл туралы толыққанды мәлемет ала алмай жатады.
Қанат ӘУЕСБАЙ, халықаралық журналист, блогер
Терроризм мен экстремизмнен адамзат аулақ болуы қажет! Жұртшылық осыны ұғынуы керек және ұлттық қауіпсіздікті сақтауда қоғам, мемлекет болып ат салысуымыз қажет.
Блогердің айтуынша діни экстремизм мен терроризмге қатысты ахуалдар өндірісті өлкелерде көп кездесетін көрінеді. Сондай-ақ, 16 мен 25 жастағы жастар жат ағымдарға көп алданып қалады. Себебі, олардың діни сауаттылғы төмен. Жас буын өкілдері көбінесе ғаламтор желісіндегі ақпаратқа жүгінеді. Ондаған мәлеметтердің дұрыстығына 100 пайыз сенеді. Сондықтан, болашақта дін саласына қалам тербейтін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне осындай семинар-тренинг өткізудің қажеттілгі зор.
Шыңғыс АМАН, ҚарМУ-дің студенті
Исламдық бағыттағы дұрыс ақпаратты Kazislam, azankz, muftyat.kz сияқты сайттардан алу керек. Достарыма, барлығына айтарым, қазір 21 ғасыр барлық ақпаратты алып, оқып алуға болады. Бірақ, дұрыс жолды таңдау қажет.
Бұл күнде жастарды жат ағымдардан сақтандыру, діни эстремизммен күрес – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен алдағы уақытта тағы да тағылымы мол семинарлар өз жалғасын таппақ.
Айдана ДАСТАН
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар