Аптап ыстықтағы қозғалысқа шектеу
Қарағандыда жазғы маусымда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына салынған шектеулердің сақталуы қатаң бақылауға алынды. Жылжымалы көліктік бақылау бекетінің мамандары тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұл аптап ыстықта жол жабынының бұзылуына жол бермеуге және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.