Мемлекеттік кірістер департаменті жартыжылдықты қорытындылады
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады. Есепті кезеңде өңірдегі бюджет жоспары 102,3 пайызға орындалған. Бұдан бөлек, департамент мамандары көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтті. Сондай-ақ, заңсыз айналымда жүрген акцизделетін өнімдерді анықтау көрсеткіші де айтарлықтай артқан.