Жұлдыздар әлемін бейнелеген фотограф
Қарағандыда түнгі аспанның сұлулығын объективке түсіріп жүрген астрофотограф бар. Евгений Бондарь он жылдан астам уақыт бойы ғарышты зерттеп, ерекше фотосуреттер түсіріп келеді. Бүгінде ол астрономиялық экскурсиялар ұйымдастырып, жұлдыздар әлеміне қызығушылардың қатарын көбейтіп жүр.