Негізгі Жаңалықтар Бүлдіршіндерге арналған футбол жобасы басталды

Бүлдіршіндерге арналған футбол жобасы басталды

Қарағанды облысында футболды дамытуға бағытталған жоба жаңа кезеңге өтті. Енді доп тебуді балабақша тәрбиеленушілері де үйрене бастайды. Бұған дейін мектептерде жүзеге асып келген ALGA! жобасы енді мектепке дейінгі ұйымдарды да қамтып отыр. «ALGA! Алғашқы пас» фестиваліне алғаш болып бес балабақшаның бүлдіршіндері қатысты. 


Бөлісу