Негізгі Жаңалықтар Ерекше балаларға тең мүмкіндік

Ерекше балаларға тең мүмкіндік

Жыл соңына дейін Қарағанды облысында 500-ге жуық дене шынықтыру мұғалімі бейімделген спорт бойынша оқытылады. Себебі бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін аса қажет. Өңірде инклюзияны қолдау күшейтілуде. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тоқсан сайын мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесуі өтті. Мұндай басқосулар өзекті мәселелерді бірлесе шешуге сөзсіз септігін тигізеді.  


Бөлісу