Президент Жолдауы: негізгі шешімдер мен нәтиже
Қарағанды облысы әкімдігінде ауқымды инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап, әлеуметтік қолдауға дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жайы талқыланды. Республикалық ақпараттық-насихат тобы мен аймақ басшылығы кездесуінде өнеркәсіп, энергетика, құрылысты дамыту және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Әрбір қала мен ауыл тұрғындары сезінуі тиіс нақты нәтижелерге ерекше назар аударылды.