Жапониядан жеткен жеңіс
Қарағанды теміржол вокзалында спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жапонияда өткен V Азия Параолимпиада ойындарынан жеті медальмен оралған жерлестерін туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды. Қарағандылық спортшылар құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетіп, Азия рекордын жаңартты. Спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиадаға жолдама алды.