Тас мақта өндіретін зауыт жаңа іске қосылды
Қарағанды облысындағы Saran индустриялық аймағында тас мақта өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Енді кәсіпорынның арқасында отандық құрылыс материалдарының өндірісі өрге өрлейді. Ішкі нарықтың сұранысын жергілікті өнім есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл елдің барлық өңірінде инфрақұрылымды кеңінен дамытуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы да құрылыс материалдарына деген сұранысты арттыруға ықпал етпек.