Тұрғындар өтініші – әкім назарында
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуге келген азаматтар құрылыс, жер телімдері, медициналық қызмет, қоғамдық көлік қатынасы және кәсіпкерлікке қатысты түйткілдерін ортаға салды. Өңір басшысы әр өтінішті тыңдап, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.