Адал азамат – әділетті қоғамның айнасы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде көрнекті заңгер, Балапан Зипатоллаұлы Әбеновті еске алуға арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар, оның кәсіби жолын айтып, заңдылық пен құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерін талқылады.