Әр сарбаз – бір талант
Әскери бөлімде сарбаздар тек жауынгерлік даярлықтан өтіп қана қоймай, өзге де қабілеттерін шыңдап жүр. №44803 әскери бөлімінде бірінің медициналық білімі кәдеге жараса, екіншісі көркемсөз оқу байқауында жүлдегер атанған. Қолөнермен айналысып, әскери бөлім аумағына сән берген сарбаз да бар. Тіпті әскерге бірге шақырылып, бір бөлімде қызмет етіп жүрген ағайынды жігіттер де осы ортадан табылды.