Ветеринариялық пункт ашылды
Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2027 жылды Халықтық құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің барлық облыс орталықтарын, аудандары мен елді мекендерін қамтуы тиіс. Ауылдық инфрақұрылымды дамыту жолындағы осындай қадамдардың бірі Осакаров ауданында жасалды. Мұнда алғашқы модульдік ветеринариялық пункт ашылды. Жаңа нысан ветеринария мамандарының еңбек жағдайын жақсартып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Пунктте вакциналар мен биопрепараттарды сақтауға қажетті жағдайлар жасалған. Сонымен қатар ірі қара малға арналған арнайы қора қарастырылған.