«Ауыл береке» жәрмеңкесі өтті
Саран қаласында «Ауыл береке» жәрмеңкесі өтті. Онда Қарағанды және Ұлытау облыстарының ауылдарынан ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі қазақстанның міндеттері» жолдауында Фермерлерге алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды және тиімді инвестициялық ресурстар жүйесін енгізу тапсырылды. Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі тағам өнеркәсібі саласында құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуетті жобалар тізімін әзірлеген. Осы жобаларды уақыт созбай, қолжетімді шарттармен дереу қаржыландыру міндеттелді.