Құқықтық сауаттылық - қауіпсіздік кепілі
«Bolashaq» академиясының студенттеріне құқықбұзушылықтың алдын алу және интернет алаяқтарынан қорғану жолдары түсіндірілді. Іс-шара Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері жастармен заң талаптарын сақтау, жеке және қаржылық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.