Ұлт көсеміне - 160 жыл
«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын». Бұл – ғұмырын елінің азаттығы мен болашағына арнаған Әлихан Бөкейханның өмірлік ұстанымы. Биыл Алаш көсемінің туғанына 160 жыл. Осыған орай Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханада ұлт қайраткерінің өмірі мен мұрасын ұлықтаған танымдық кеш өтті.