Негізгі Жаңалықтар Германиядан асылтұқымды сиырлар жеткізілді

Германиядан асылтұқымды сиырлар жеткізілді

Германиядан Қарағандыға голштин-фриз тұқымының 165 асылтұқымды сиыры жеткізілді. Ветеринарлық тексеруден кейін мал Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтіледі. Олар сол өңірдегі сүт фермасының табынын толықтырады. Бұған дейін әкелінген 586 сиыр жергілікті жағдайға бейімделіп, қазір шаруашылыққа тәулігіне 15 мың литрге жуық сүт беріп отыр. 


Бөлісу