Есірткіге жол жоқ!
Қарағандыда жасөспірімдерге нашақорлықтың зардабы мен есірткі қылмысының құқықтық салдарын түсіндіруге арналған профилактикалық шара өтті. Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясының оқушылары мамандармен бірге өзекті мәселелерді талқылады. Тренинг Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.