Жоғары технология
Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық-талдау кешені іске қосылды. Мұнда жылына 200 мыңға дейін геологиялық сынамалар зерттелетін болады. Жаңа кешен кен орындары туралы деректерді алуды жеделдетуге және қорларды бағалау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.