Агроөнеркәсіпке арналған жеңілдетілген лизинг мүмкіндіктері таныстырылды
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көрсетіліп жатқан қолдау жұмыстары таныстырылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұйымдастырған Ашық есік күні барысында журналистер Абай ауданындағы «Достық 2009» шаруашылығының жұмысымен танысты. Кәсіпорын биыл техника паркін жаңартып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алған.