Медицинадағы жаңа мүмкіндіктер
Қарағандыда денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Жиында өңірдегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін дамыту жолдары қарастырылды. Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігі, цифрландыру, заманауи құрал-жабдық және кадр мәселесіне басымдық берілді. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жобасы аясында жүзеге асуда.