Өңірдің аграрлық әлеуеті артуда
Қарағанды облысында агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны оң бағытта. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 559 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ал саланы дамытуға 113 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Сонымен қатар өңірде маусымның басты науқаны – егін жинау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.