Зообақтағы жануарлардың саны артып келеді
Қарағанды зообағында биыл бірнеше жануар төлдеді. Олардың арасында сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген түрлер де бар. Жаңа туған төлдерді мамандар күнделікті бақылауда ұстап, ерекше күтім көрсетіп келеді.