80 жастағы әже тазалық шарасына ат салысып жүр
Сексен жас – көпшілік үшін тынығатын шақ. Ал Нұра ауданының тұрғыны Зүбәйра Сыздықова үшін бұл – әлі де еңбек етіп, туған ауылына пайдасын тигізетін кезең. Қырық жылдан астам трактор мен комбайн тізгіндеген ардагер механизатор бүгінде де белсенді өмір салтынан жаңылған емес.