Жұмысқа жол ашқан жәрмеңке
Орталық саябақта жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 27 жұмыс беруші қатысып, түрлі мамандықтар бойынша тұрақты және уақытша қызмет түрлерін таныстырды. Жұмыс іздеушілер мамандардан кеңес алып, өздеріне қажетті ақпаратпен танысты.