Жаңа алаңда жұмыс қызу жүріп жатыр
Кеншілердің кәсіби мерекесіне санаулы күн қалды. Осы жылы Қарағанды қаласы ауқымды концерттік бағдарлама ғана емес, жаңа алаң дайындап жатыр. Бәйкен Әшімов көшесінің бойындағы бұл жер бос тұрған еді. Қазір аумақта тәулік бойы қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал тамыз айының жиырма тоғызы күні мыңдаған қарағандылықтар осы сахнада әлемдік және қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертін тамашалайды.